Государственное коммунальное казенное предприятие «Агротехнический колледж, село Коргалжын» при управлении образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Біздің әлеуметтік желілер

                                                                                                            ТАЛАПКЕРГЕ


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылға арналған есеп

28.02.2023

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2022 жылға арналған есеп

 

         1 . Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасына жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Ақмола облысы білім басқармасына жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да білім беру саласында 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылға «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК 74 қызмет көрсетті;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 66;

қағаз түрінде көрсетілген   қызметтер саны – 8.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтер көрсетілген  жоқ;

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

        

  3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

         «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау» ;

  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру»;

            «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асаратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»

 

         2 . Қызмет алушылармен жұмыс:

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu білім басқармасының, сонымен қатар колледждің http://pt0001.korgalzhyn.aqmoedu.kz/ сайты  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.

         Сондай-ақ Ақмола облысы білім басқармасына жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК - да мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендтерде орналастырылған . Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

         2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

         Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

         3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

          Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

         3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

         Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

         ТжКБ саласында "College Smart Nation"ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.

Бұдан басқа, ТжКБ-дағы "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі колледждердегі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

 

Просмотров: 3758

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст