Государственное коммунальное казенное предприятие «Агротехнический колледж, село Коргалжын» при управлении образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Біздің әлеуметтік желілер

                                                                                                            ТАЛАПКЕРГЕ


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Зерделі ұрпақ»

04.07.2023

«Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша  мамыр айында  « Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  Қорғалжын ауылының Агротехникалық колледжінде  «Нашақорлықтың алдын алуға және нашақорлықпен ауыратын азаматтарды, оның ішінде жастарды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында  әлеуметтік театр форумының қатысуымен  «Жастар арасында нашақорлықтың, алькогольді тұтынудың, басқа да психобелсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алу мәселелері» атты семинар-тренинг өткізді. Семинарда оқушылармен нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру, сұрақ-жауаптар мен әңгімелесулерді  Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің мүшесі, психология ғылымдарының магистрі  Оразбаева Гүлнар Кәкенқызы мен  педагог-психолог Шегирова Жадыра Батырбекқызы  жүргізді.  
         Театр форумының мүшелері  оқушылар алдында қойылым көрсетіп, нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянын нақты көріністер арқылы жеткізе білді. Қатысушы оқушылар ғасыр дертінің адам өміріне қауіпті екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік алды. Театр форумының жастары оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Іс-шара барысында ұйымдастырушыларға колледж және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар тарапынан  алғыстарын білдірді. 

                                                              Шегирова Жадыра Батырбекқызы

Просмотров: 3754


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст