Государственное коммунальное казенное предприятие «Агротехнический колледж, село Коргалжын» при управлении образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Біздің әлеуметтік желілер

                                                                                                            ТАЛАПКЕРГЕ


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Марапаттау парағы Торжанова Н.А

18.09.2023

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Торжанова Наргиз Аблайевна

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК, басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3. Жынысы: әйел

4. Туған жылы және туған жері: 25.09.1994 жыл, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Арықты ауылы

5. Ұлты: қазақ

6. Білімі: жоғары оқу орнынан кейінгі, педагогикалық ғылымдар магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: жоқ

9. Үйінің мекенжайы: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, К.Күмісбеков көшесі, 50 үй

10.  Жалпы жұмыс өтілі: 7 жыл

11.  Педагогикалық жұмыс өтілі: 6 жыл

12.  Аталған еңбек ұжымындағы еңбек өтілі: 2 жыл

 

Торжанова Наргиз Аблайевна 2014 жылы Астана қаласының гуманитарлық колледжін, 2017 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, 2021 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады. 2017-2018 жылдары «Центр развития «Zhuldyz» ЖК қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 2018-2021 жылдары «Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы» КММ педагог-психолог болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы және 2022 жылдан бастап басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Жалпы еңбек өтілі – 7 жыл.

Еңбек барысында Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Қорғалжын ауданы әкімінің алғыс хатымен, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының алғыс хатымен, «Amanat» партиясының алғыс хатымен, «Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция» республикалық қоғамдық штаб алғыс хатымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің грамотасымен марапатталды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Тіл шебері» аудандық байқауында жүлделі 3-орын иеленді. «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» атты аудандық байқауының 1-орын иегері.

2021 жылы білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен «педагог-модератор» біліктілік санаты берілді.

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Цифрландыру дәуіріндегі педагогтер мен білім алушылардың өзара іс-қимылын транформациялау. Сабақтағы цифрлық ресурстар» облыстық семинарының қатысушысы.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 25 жылдығына арналған «GYLYM JANE BILIM – 2021» XVI Халықаралық ғылыми конференция материалдары жинағында «Китаб ал-Идрак ли лисан ал-Етрак» жинағының көшірмелері» атты мақаласы жарияланды.

 

Просмотров: 3467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст